Версия для слабовидящих Басты

 

 

 

 

 

 Жаңа 2020 жылдарыңызбен!!!

   Жаңа жыл – жаңарудың мерекесі! Мен баршаларыңызға шын жүректен толағай табыс, шығармашылық жетістіктер, тың жаңалықтар мен жеңісті сәттер тілеймін!

   Жаңа жыл құтты болсын! 2020 жыл қуанышты оқиғалар мен жағымды әсерлерге толы болғай! Алдағы жыл барлық шаңыраққа тек қана ырыс пен дәулет, шадыман-шаттық алып келсін!

    Келер жылда барлық істеріңіз бен қызметтеріңіз жоғары өрлеп, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген сіздерге бейбіт өмір, тыныштық, мол табыстар, жақсылық тілеймін. Əрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сəттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жылдарыңызбен!

 Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жанынан құрылған білім беру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін облыстық Call-орталығының байланыс нөмірі 8 (7112) 31-23-38 және 87471127407 телефондары, callcenteredu@qmail.com

Авторизация

Жаңалықтар

2019 жылы желтоқсан айының 21 күні Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Ел тарихындағы жастар» тақырыбында шара өтті. Шараның мақсаты: Қазақстан тарихындағы жастардың рөлі туралы студенттердің білімін кеңейту және тереңдету, өз елінің тарихын білу, ұрпақ сабақтастығы сезімін дамыту.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «URKER MITEC» орталығы ұйымдастырған республикалық «Гиппократ» олимпиадасына Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінен 16 оқытушының жетекшілігімен 163 білім алушы қатыстырылды. Олардың 19-ы жүлделі І орынды, 74-і ІІ орынды, 70-і ІІІ орынды иеленіп, республика көлемінде колледжіміздің мәртебесін асырды.

 

12 желтоқсан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде ҚР Тәуелсіздігі күніне байланысты «Біз мәңгі – Тәуелсіз елдің жастарымыз» атты мерекелік іс шара өтті. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі директоры К.М. Ирменов мерекелік іс шараны облыстық, республикалық дәрежеде, жүлделі орындар алып, колледжіміздің мәртебесін көтеріп жүрген оқытушылар мен білім алушыларды марапаттау рәсімімен ашты.

2019 жылдың 10 - желтоқсан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде МІ-13, МІ-15, МІ-17 топтары мен топ жетекшілері  Бисариева М.С, Бердиева Г.Қ, Куздавлетова А.Т. ұйымдастыруымен  Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

4 желтоқсан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде  жоғары санатты арнайы пән оқытушысы В.П.Курноскинаның ұйымдастыруымен "Ішкі ауруларды емдеу және диагностикалау кезіндегі өзекті мәселелері"  тақырыбына арналған конференция өтті.

30.11.2019 ж. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Ел болашағы - білімді жастардың қолында" атты Брейн - ринг зияткерлiк ойынының бiрiншi кезеңі өтті.

Басқа мақалалар