Версия для слабовидящих "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша "World Skills" чемпионаты

 

 

 

 

 

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналыққ ызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, еңбекте табыс, бақыт тілеймін!

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің директоры К.М.Ирменов

Құрметті талапкерлер!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі 20 маусым - 25 тамыз аралығында орта жалпы білімнің базасында (11 сынып) күндізгі оқыту формасында келесі мамандықтар бойынша құжат қабылдауды жүзеге асырады: "Медбикелік іс", "Емдеу ісі", "Лабораториялық диагностика", "Гигиена және эпидемиология", "Фармация", "Стоматология". Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері 9.00 ден 18.30 ға дейін жұмыс істейді, жексенбі демалыс.

Авторизация

   

    World Skills чемпионатының негізгі мақсаты жастарды кәсіптік даярлаудың үздік әлемдік тәжірибелерін анықтау және оларды техникалық, кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу болып табылады.

      23 – 26 сәуір аралығында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша "World Skills" чемпионаты өтті. Чемпионатқа «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» бөлімдерінің 3 курс білім алушылары қатысты. Конкурсанттар 5 модуль бойынша тапсырмаларды орындап тәжірибелік дағдыларын және білімдерін шыңдады.

 

Чемпионаттың қорытындысы бойынша:

І орын:   Джумашева Диляра  «Мейіргер ісі» бөлімі МІ-32 топ білім алушысы;

ІІ орын: Хайбуллина Галиябану «Емдеу ісі» бөлімі ЕІ-32 топ білім алушысы;

ІІІ орын:  Ефимова Серафима «Мейіргер ісі» бөлімі МІ-32 топ білім алушысы.

1, 2 және 3 орын алған қатысушылар алдағы уақытта ұлттық чемпионатқа қатысады және "World Skills"әлем біріншілігіне жолдама алады.

Жеңімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

   

Басқа мақалалар