Версия для слабовидящих Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі ШЖҚ МКК

 

 

 

 

 

  Құрметті  оқытушылар!

 

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және  мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс  тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Авторизация


 

29 қазан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Медбикелік іс» ІІІ курс білім алушыларына «Медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігі: медицина қызметкерлері мен емделушілер үшін» тақырыбында «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-мен бірлескен оқыту семинары өтті.

 

2018 жылғы 10 қазан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «БҚО және Орал қаласының орта буын медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға облыстың және Орал қаласының емханаларының медбикелері, фельдшерлері және акушерлері қатысты.

 

11 қазан Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Студент-медик қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. І курс студенттері алғаш рет ақ халат киіп, Гиппократ антын қабылдап, сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерін алды.

5 қазан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай қалалық колледж оқытушылары арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің фармация бөлімі 25 қыркүйек күні «Әлемдік  Фармация  күніне» орай  ашық есік күнін өткізді.

25 қыркүйек күні сағ.9.00-де Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде, Батыс Қазақстан облысы әкімімен бекітілген "Өзіңнен баста-Начни с себя!" жобасын жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке "мүлдем төзбеушілік" ұстанымын қалыптастыру мақсатында "Өзіңнен баста-Начни с себя!" флеш-мобы өткізілді.

 

20 – қыркүйек күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Тіл – ұлт байлығы» атты облыстық тіл фестивалі аясында ұйымдастырылған «Көптілділік – Қазақстандағы халықтар достығының негізі» атты апталық шеңберінде «Мемлекеттік тіл - мерейім» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тіл білгірлерінің байқауы өтті.

 

2018 жылғы 19-қыркүйек күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес «Пәнді ағылшын тілін қолдана оқыту: Оқытуды пәнді – тілдік біріктіре оқыту (СLIL)» бағдарламасы бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды.

Басқа мақалалар