Версия для слабовидящих Миссия

 

 

 

 

 

  Құрметті  оқытушылар!

 

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және  мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс  тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Авторизация

 КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ

 Техникалық және кәсіби білім беруде жоғары сапалы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен белсенді және тең құқықтық серіктестікті дамыта отырып, жұмыс берушінің, колледждің және оқушылардың қызығушылықтарының ықпалдасуын, тұлғаның жетік білікті дамуын, қоғамның әлеуметтік, этикалық, мәдени, экологиялық көзқарастарын есепке ала отырып, мәселелерді қою және шешу, ұғыну қабілеті бар, төзімді, жауапты қызметкер бола алатын, ұжымға оңай бейімделетін, қазіргі таңдағы еңбек нарығында қажетті бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын азаматтарды тәрбиелеу.

 Міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыру негізін колледж Қазақстан Республикасының  Конституциясы, ҚР денсаулық сақтау Кодексін, ҚР Білім беру туралы Заңын, 2012-2020 жылдарға арналған ҚР-ғы білім беруді дамыту дың Мемлекеттік бағдарламасын, Денсаулық Мемлекеттік бағдарламасын, ЖМББС, басқа да ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

 Оқу жұмысы:

 1.      Жалпы білім беру пәндері оқу кабинеттері мен зертханаларын ЖМББС - на сәйкес материалдық-техникалық базамен жасақтау;

 2.      Білім беру үрдісін ақпараттандыруды жүзеге асыруды жалғастыру (оқу кабинеттерін электрондық оқулықтармен, дидактикалық және бағалау материалдарымен толықтыру, соның ішінде компьютерлік бағдарламаларды пайдалану);

 3.      Студенттердің жетістіктерін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу (қолданбалы бакалавриат оқу тобында сынақтық-несиелік жүйені қолдану);

 4.      Ашық, әділ, таза, қоғамдық-кәсіптік қатысу қағидасына негізделген білім беру үрдісі мониторингі мен сапасын бақылау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру.

 Ғылыми-әдістемелік жұмысы:

 1.      Ғылыми–тәжірибелік конференцияларда оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру (гранттарға, жобаларға соның ішінде халықаралық және республикалық деңгейде қатыстыру);

 2.      Түрлі деңгейдегі ғылыми–тәжірибелік конференцияларға, кәсіби байқауларға оқушылардың қатысуын және дайындығын қолдау;

 3.      Студенттердің біліктілігі мен сынақ ісі деңгейін көтеру үшін ұйымдастыру жағдайларын жасау;

 4. Колледж базасында қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруді түрлендіру;

 5. Білім беру түрлерін, мазмұнын, қазіргі таңдағы ақпараттық-телекоммуникативтік құрылғылардың мүмкіндігін тиімді пайдалану, білім және тәрбие берудің активтік және интерактивтік әдістерін енгізуді жаңартуды жалғастыру.

 

Тәрбие жұмысы:

 1.      Қазіргі қоғам мен әлеуметтік кәсіби қызметте маңызды кәсіби сапалармен тұлға ретінде қалыптасу, өзін-өзі жетілдіру;

 2.      Ерікті, тәні сау, жан дүниесі бай, өнегелі тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізетін білім берудің тәрбиелік жүйесін ұйымдастыру және дамыту;

 3.      Қазақ қоғамында нық қалыптасқан этникалық және діни төзімді әдет-ғұрыптар негізінде тәрбиелеу. Қазақстанға еніп жатқан экстремизм және радикализмнің түрлеріне қарсылық көрсету дағдыларын қалыптастыру;

 4.      Жастардың шығармашылық қабілеттерін, шеберлігін, өзін-өзі тани білу және өздігінен білім алуын дамыту.

 

Әкімшілік-шаруашылық жұмысы:

 1.      ЖМББС талаптарына сәйкес білім беру үрдісі қатысушыларының кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, колледж қызметін жүзеге асыруға жағдай жасау;

 2.      Жылуды үнемдеу мен тиімді пайдалану жүйесін енгізуді қамтамасыз ету.

 

 

Басқа мақалалар