Версия для слабовидящих Хабарландыру!

 

 

 

 

 

 

 Құрметті ұстаздар мен студенттер, сіздерді Білім күнімен құттықтаймын!

 Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап әрқайсымызда білім әлеміне деген күрделі, бірақ сонымен қатар, қызықты жолымыз басталады.   Күздің алғашқы жаңа білімдер игеру күнінде, барлық студенттер мен олардың оқытушыларына жемісті еңбек және өзара сыйластық тілеймін. Студенттерге – жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал оқытушыларға шыдамдылық, ақылдылық және жұмысқа деген шығармашылық құлшыныс тілеймін.

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Авторизация

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі 20 маусым - 25 тамыз аралығында орта жалпы білімнің базасында (11 сынып) күндізгі оқыту формасында келесі мамандықтар бойынша құжат қабылдауды жүзеге асырады:

0302000 "Медбикелік іс" (мемлекеттік тілде, орыс тілінде оқыту),
біліктілігі 0302043 "Жалпы практикадағы медбике".
біліктілігі 0302054 " Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавр"(1 жыл 6 ай)

Оқыту формасы: бюджеттік, келісім шарттық

- 0301000 "Емдеу ісі" (мемлекеттік тілде, орыс тілінде оқыту),
біліктілігі 0301013 "Фельдшер". Оқыту формасы: бюджеттік,келісім шарттық;
біліктілігі 0301023 "Акушер". Оқыту формасы: бюджеттік.
- 0305000 "Лабораториялық диагностика" (мемлекеттік тілде оқыту),
біліктілігі 0305013 "Медициналық лаборант". Оқыту формасы: бюджеттік.

-0303000 "Гигиена және эпидемиология" (мемлекеттік тілде оқыту),

біліктілігі 0303013 "Гигиенист эпидемиолог".Оқыту формасы: бюджеттік.

- 0306000 "Фармация" (мемлекеттік тілінде оқыту),
біліктілігі 0306013 "Фармацевт". Оқыту формасы: келісім шарттық.

- 0304000 "Стоматология" (мемлекеттік оқыту),
біліктілігі 0304013 "Стоматолог -дәрігердің көмекшісі". Оқыту формасы: келісім шарттық.Оқыту мерзімі: 1 жыл 10 ай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық мамандықтарға негізгі пән - биология,

"Фармация"мамандығының пәні- химия.

  Бюджеттік негізде білім алушыларға стипендия және жол ақысы (жылына 2 рет) төленеді.
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай.

  сұрақтар бойынша 24-31-34 нөміріне хабарласыңыздар

 

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тізімі:

1. Өтініш

2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа). Аттестат, диплом

3. 086 үлгідегі анықтама флюрография суретімен қоса.

4. 3х4 мөлшеріндегі 4 фото сурет

5. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)

  Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 25 тамызға дейін.
Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері 9.00 ден 18.30 ға дейін жұмыс істейді, жексенбі демалыс.

Басқа мақалалар