Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Басты

 

 

 

Іздеу

Кіру

Жаңалықтар

"Тіл мен тарих тамырлас” атты апталықтың аясында өткен денсаулық күніне арналған «Ұлт ертеңі дені сау ұрпақ» спорттық фестивальі өткізілді.

Фестивальдің нәтижесі келесідей:

Көңілді сөре

І орын - ПБСД 13 тобы

ІІ орын - Емдеу ісі-13 тобы

ІІІ орын - Мейіргер ісі - 17 тобы иеленді.

Дәл осындай атаумен бүгін колледжімізде №1 жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық оқу-кеңестік пункітінің апталығының ашылу салтанаты өткізілді.

Биыл Қожа Ахмет Яссауидің туғанына – 930 жыл, Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына – 360 жыл, Абылай ханның туғанына - 310 жыл, Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл, Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл, «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына – 110 жыл толып отыр.

Бүгін колледжіміздің жатақханада тұратын білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға басқарма төрағасының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.А.Темиралиева, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Л.К.Гусманова, колледж психологтары А.С.Муктарова, А.Б.Рскалиева қатысып, жатақханада тұратын білім алушылардың құқығы мен міндеттерін, жатаханада тұру тәртібін, жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау бойынша жасақталған ішкі тәртіп ережесін түсіндірді.

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған интернет алаяқтық, қаржы пирамидаларының әрекеті тақырыбында колледжіміздің студенттеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Арнайы шақырылған банк қызметкерлері студенттерге қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік жөнінде нұсқау берген ақпараттық кездесу өтті.

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Сондай шаралардың алғашқы легі ретінде 12 қыркүйек күні басқарма төрағасы К.М.Ирменовтың бастамасымен колледж ұжымына кездесу өтті.

Кездесу барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне, оның ішінде лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға теріс қатынасты қалыптастыру бойынша ақпарат берілді.

І курс білім алушыларын колледждегі оқу-тәрбие үрдісіне бейімдеу және кәмелетке толмаған жасөспірімдерге репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелері түсіндіріріліп, жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу бойынша акушерия пәнінің оқытушысы Г.Ж.Дүйсенгалиева жүргізілген сауалнама нәтижесімен таныстырып, кеңес берсе, колледж психологі А.С.Муктарова, А.Е.Сахипкереева ерте жүктіліктің салдарынан туындайтын мәселелерде психолог маманнан кеңес алудың маңызы жайлы ақпарат берді.

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар