Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы АДАЛ ҰРПАҚ – ГҮЛДЕНГЕН БОЛАШАҚ

 

 

 

Кіру

«АДАЛ ҰРПАҚ – ГҮЛДЕНГЕН БОЛАШАҚ»

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТТЕРІНІҢ АРАСЫНДА СЫРТТАЙ  БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫНА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ: 02.12.-05.12.2020 жыл.

 Дауыс беру үшін жоғарыдағы сілтемеге өтіңіз

 

 1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.1. Өскелең ұрпақтың бойында еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін оятып, азаматтық белсенді ұстанымын және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру.

1.2. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.

1.3. Жастарды медиа шығармашылыққа тарту.

2. Байқауды ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің «Саналы ұрпақ»  клубы

3. Байқауға қатысушылар:

3.1. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық  колледжінің 1-3 курс студенттері қатыса алады.

3.2. Байқауға әр топтан 1 жұмыс қабылданады.

 

4. Байқау шарттары:

4.1. Байқауға қатысу үшін байқаудың мақсаты мен міндетінде қойылған талаптарға сәйкес бейне ролик дайындау қажет. (сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу, болдырмау бағытындағы бейне ролик)

4.2. Бағалау кезінде ескеріледі:
                   - бейне роликтің тақырыпқа сәйкестігі, дәлелділігі және  

                     тақырыптың ашылу тереңдігі;

-          тәрбиелік мазмұны;

-          идеяның шығармашылық жаңалығы;

-          ерекшелігі;

-          қатысушының қалауы бойынша бейнероликтің  жанры - сұхбат, репортаж, видео т.б.;

-          жалпы эмоциялық қабылдануы;

-          бейнероликтің уақыты 3-4 минуттан аспау керек.
 

5. Байқаудың өту кезеңі:

5.1. 28.11.2020ж дейін бейне роликтерді қабылдау жүзеге асырылады.

5.2. 02.12.2020 дауыс беру кезеңі басталады.

  Қосымша сұрақтар бойынша: «Саналы ұрпақ» клубына хабарласуға болады, тел:87755759256

Басқа мақалалар