Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы «Микробиология және ағылшын тілі білгірлері»

 

 

 

Кіру

Кәсіби шеберлік-білім сапасының кепілі апталық шеңберінде Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Бергенова Л.Э. және Исимова Ж.Т. «Микробиология және ағылшын тілі білгірлері» колледжішілік онлайн олимпиада өткізді.

Олимпиада мақсаты - оқытылған пәндері бойынша білімдерін тереңдету, кәсіби көзкарасты кеңейту және болашақ мамандығына қызығушылықты арттыру.

Олимпиадаға «Лабораториялық диагностика» бөлімінің білім алушылары қатысты.

Білім алушылар теориялық және практикалық сабақтарда алған білімдеріне сүйеніп,тапсырмаларды орындады. Олимпиада қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінен өтті,тест сұрақтарына жауап берді.

Олимпиада бірнеше айналымдардан тұрды:

1. Таныстыру /әр қатысушы көптілдікті пайдаланып,өзін бейнеролик арқылы таныстарады/

2. Жағдаятты есептер шығару /микробиология пәнінен/

3. Білім-күште! Логикалық диктант орындайды

4. D. I. IVANOVSKY – THE FOUNDER OF VIRILOGY, LOUIS PASTEUR /ағылшын тілінен/

Жалпы ұпай сандары бойынша озып шыққан білім алушылар I,II, III дипломмен марапатталды.

  

Басқа мақалалар