«Акушерия және гинекология пәніндегі стандартталған пациент» тақырыбында тренинг 11.04.2019ж. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Акушерия және гинекология» пәні оқытушылары Р.Г.Имангалиева мен Н.В.Трунова-Федулеева және Емдеу ісі 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Акушерия және гинекология пәніндегі стандартталған пациент» тақырыбында тренинг өткізді. Шараға 3 курс білім алушылары мен арнайы пән оқытушылары шақырылды.
Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінде ұйымдастырылған «Медицина лаборанты – XXI ғасыр мамандығы» тақырыбында Республикалық бейнероликтер конкурсына Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі «Лабораториялық диагностика – 21» тобы қатысып жүлделі 1-орынға ие болды.
9 сәуір күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушылары Р.Г.Имангалиева және Н.В.Турунова-Фудулеева Акушер ісі-31, 32 топ білім алушыларымен «Жастар жылына» орай «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» атты ток -шоу ұйымдастырды. Бағдарламаға 6 қалалық емхананың «Отбасын жоспарлау» кабинетінің акушерлері қатысып, кейіпкерлер мен көрермендерге тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, кеңестерін айтты.
2019 жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00 Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде онлайн тәртібінде ашық есік күні өтті.
Онлайн-трансляция барысында қабылдау комиссиясының кәсіби бағдар беру жұмысының мүшелері Казталов ауданының К. Мендалиев атындағы ОЖББ мектебі, Казталов ЖОББМ; Қаратөбе ауданының Қаратөбе мектеп – гимназиясы, Қалдығайты ЖОББМ, Қоскөл ЖОББМ; Шыңғырлау ауданының Шынгырлау ОЖББМ 11 сынып түлектеріне колледждегі мамандықтар туралы, оқуға қабылдау ережелері, оқуға түсудің бағыттары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат берді.