Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

03.11.2020  Батыс Қазақстан облысы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлымен онлайн кездесу болып өтті. Онлайн кездесуге колледжіміздің  І курс білім алушылары қатысты.

«Фармация» мамандығы ФТ-21 тобында топ жетекшісі Т.М.Исмагулованың ұйымдастыруымен «Жемкорлыққа жол жоқ!» тақырыбында онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларды адал жолмен жүруге, әділдікке тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұмат беру.

Колледжіміздің жұмыс жоспарына сәйкес 3 қараша күні «Гигиена және эпидемиология»-31 тобының арнайы пәндер оқытушысы Г.Ж.Сагатова ұйымдастыруымен қашықтықтан онлайн форматта ашық сабақ өткізілді.

30.10.2020 ж.Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде SAÝLYQ Birgemiz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жобасын іске асыру аясында Қазақстанның Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен "Паллиативті күтім" атты семинар өтті.

29.10.2020ж. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық  колледжінде "Фармация" бөлімі "Фармацевтің кредиттік модульдік технологиялық оқуында интерактивті технологияларды пайдалану" тақырыбында 42 медициналық колледж қатысқан Республикалық онлайн конференция ұйымдастырды.

Басқа мақалалар