Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

2020 жылдың 23 қазан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Жетістік жолы» тақырыбында үш тілділік облысымыздың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Шараға жедел жәрдем станциясының фельдшері – Жусупкалиев Айдос, жұқпалы аурухананың аға медбикелері Гульнара Салаватовна және Унзиля Искаковна қатысып, білім алушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жылдың 5-13 қазаны аралығында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «World Skills Kazakhstan -Oral-2020» аймақтық чемпионаты өткен болатын.

6 –қазан күні «World Skills Kazakhstan -Oral-2020» «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің базасында өткізілді.Атаған құзіреттілік бойынша чемпионатқа «Медбикелік іс» мамандығы бойынша білім алушылар қатысты.

23.10.2020 күні колледжімізде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру болды.

21 қазанда "АИТВ/ЖИТС Тоқта" акциясы өтті. Іс-шаралар Орал қаласының 33,39,35 маршруттарында өтті.

Акцияны ЖИТС – тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық "Мейірімді жүректер" волонтерлер жетекшісі И.А. Жапашова және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студент-еріктілерімен бірге өткізді.

Колледждің жұмыс жоспарына сәйкес 15 қазанкүні «Медбике ісінің қолданбалы бакалавры»-12А тобында жоғары санатты оқытушы В.А.Петренко және магистр Д.З.Утеулиеваның ұйымдастыруымен онлайн форматта ашық сабақ өткізілді. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбике ісі» пәнінен «Зертханалық зерттеу әдістері» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақ ZOOM платформасында Miro виртуалды тақтасы, CollegeSmartNation, Googleform сервистері арқылы белсенді

14.10.2020 Колледжімізде жыл сайынғы дәстүрмен ұйымдастырылатын 1 курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау рәсімі онлайн түрде өтті. Мерекелік шара барысында жоғарғы курс студенттері дайындаған медицина мамандығының негізгі мәнін ашатын бейне қойылым ұсынылып, дәстүр бойынша курс білім алушылары «Гиппократ» антын қабылдап, ақ халат киді.

Басқа мақалалар