Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің кітапханашылары жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің 100 жыл мерейтойына орай «Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» атты поэзия кешін ұйымдастырды. Кештің мақсатыЖұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын меңгерту, жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, ой – белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру болатын.

2020 жылдың 9 қазанында БҚЖМК базасында "Коронавирустық инфекция, жұмыс тәжірибесі, мәселелері мен шешу жолдары" тақырыбы бойынша дәрігерлік конференция ұйымдастырылды, конференция жұмысына коронавирустық инфекция бойынша клиникалық хаттаманы әзірлеуші медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры, А.К.Дүйсенова қатысты, инфекционист дәрігерлер, бейінді мамандар және барлық мүдделі мамандар ZOOM интернет-ресурсы арқылы қосылды.

09.10.2020 күні БҚЖМ колледжінде «SANALY URPAQ»  клубының жоспарына сәйкес білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарды дамыту мақсатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

2020 жылғы 6 қазанда Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша облыстық Worldskills чемпионаты өткізілді.

 

Чемпионаттың мақсаты: «Медбикелік іс» мамандығының деңгейін көтеру, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап шығару.

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде 2 қазан күні «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты онлайн мерекелік шарасы оздырылды.  Педагогикалық ұжымды кәсіби мереке мен және кәсіптік техникалық білім берудің 80 жылдығы мен колледж директоры Камидолла Мұтиголлаұлы құттықтап, кәсіби білім беруде белсенді нәтижелер көрсеткен оқытушыларды марапаттады.

28.09.2020 жылы колледжде бас мейірбикелер: ОКБА - О.В.Бошенятова, ОПО -Г.М.Тажкенова, ОКББА - А.Д.Карткужакова, колледждің мейіргер ісі оқытушыларымен бірлесіп, мейіргер ісін дамыту орталығының отырысы өтті. 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары,

Басқа мақалалар