Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен Батыс-Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжі медициналық білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ықпалдастық пен мүмкіндіктерді назарға ала отырып, білім беруде серіктестік туралы келісімге келді.

 

2020 жылғы 23 - қыркүйек күні БҚО Білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы өткен «Кредиттік – модульдік технология бойынша оқу прпоцесін ұйымдастыру және студенттердің оқу жетістіктерін бағалау» атты әдістемелік алаңда колледждің

Отбасы әр адам үшін маңызы зор ұғым. Қолдауды, көмекті,  қуанышты біз отбасымызда сезінеміз. 2013 жылы елімізде мерекелердің қатарына жаңа мереке – Отбасы күні қосылды. Қазақстан халқы бұл ынтамақ, бірлік, түсіністік мерекесін алғаш рет 2013 жылдың 8 қыркүйегінен бері атап өткен. Колледжімізде топ жетекшілері Отбасы күніне арналған тәрбие сағаттарын жоспарлап, әр түрлі бағытта іс-шаралар жоспарын дайындап, өз топтарында мерекеге арналған шараны өткізуге ат салысуда.

     8 қыркүйек колледжіміздің оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен, онлайн тәртібінде «Қашықтан оқыту жағдайында бейне сабақтар жасау» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты оқытушыларға қашықтан оқыту жағдайында сапалы видео сабақтар құрастырудың тиімді бағдарламалары, әдіс-тәсілдері жөнінде ақпарат беріп, практикалық тәжірибе қалыптастыру болды.

Ақпараттық технология заманында білім беру саласында да жаңартылған бағдарлама мен жолға қойылған жетістіктер жетерлік. Ал сапалы білім беру үшін әр оқытушы өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл тарапта өзара тәжірибе алмасу да маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен кезекті «Адалдық сағаты» акциясын Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Агенттіктен даярланған видеорлик білім алушыларға таратылып, талқылау жұмыстары жүргізілді.

Басқа мақалалар