Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

 

15 - мамыр күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде оқытушыларға арналған «Жалпы кәсіптік пәндерді қашықтан оқыту әдістемелері» тақырыбында  вебинар оздырылды. Вебинар барысында колледж оқытушысы Умбетова А.А. қашықтан оқыту тәжірибесімен бөлісті. 

    

     1.      І курс білім алушылары арасында өткізілген пәндік олимпиада да берілген уақыт мерзімінде уақтылы жауап беріп, дұрыс жауаптар көрсеткен төмендегі білім алушылар мақтау қағаздармен марапатталады. (Конкурс нәтижелеріне сілтеме)

Облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық вебинар оздырылды. Вебинарға колледж атынан қатысқан «Анатомия», «Жалпы патология» пәндерінің оқытушысы Үмбетова Айкөркем Алижанқызы қатысты.  Үш тілде өткізген сабақ тәжірибесімен бөлісті.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай колледж директоры Ирменов Камидулла Мутиголлаевич ҰОС ардагері, колледждің ардагер-оқытушысы  Митрохина Алевтина Тимофеевнаны үйіне барып құттықтады. Майдангермен әңгіме сұрапыл жылдардан естелік және бүгінгі бейбіт күн туралы өрбіді.

Ел басына күн туғанда қан майданда от кешкен әрі колледж түлегі, әрі колледждің ардагер ұстазы туралы бейнебаянды бірге тамашалап, деніне саулық тіледі.

 

 Бүгінгі бейбіт күн үшін соғыс ардагерлеріне қарыздармыз! Ерліктері өнеге! Ұлықтау бізге парыз!

Колледждін ардагер ұстазы Митрохина Алевтина Тимофеевнага арналады.

 

 Муминова Роза Газизовна - 1938 жылы біздің колледжді "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша бітіріп, Федоровка ауылында еңбек жолын бастаған. 1941 жылы майданға аттанған жас медбике қаруластарына ерекше қамқорлық жасар, өзінің қайсарлығымен, қайраттылығымен көзге түскен.

Майданда оны "Кайырымды қарындас" деп атаған.

Басқа мақалалар