Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

      

Мі-17 топ кураторы Бисариева Макпал Саматовнаның және Мі-13 топ кураторы Бердиева Гүлзар Косаманқызының, Мі-11 тобының кураторы Жапақова Алмагул Қазболатовнаның ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде тәрбие сагаттары өтті.

   Колледж психологі Муктарова А.С. ұйымдастыруымен онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы психологиялық кеңестер берілді. Кеңес барысында бос уақытты тиімді ұйымдастыру, жақындармен жылы қарым-қатынас, қашықтан байланыс орнату, пайдалы істермен айналысудың ұтымды шешімдері туралы кеңестер берілді. «Жастарға кеңес» атты видеоролик көрсетіліп, пайдалы сайттар сілтемесі берілді. https://youtu.be/snw_u50HjjQ

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жастар ісі жөніндегі маманның ұйымдастыруымен колледжішілік «Ынтымағы жарасқан менің елім Қазақстан» тақырыбында жыр мүшәйрасы оздырылды. Еліміздегі татулық пен бірлікті жырларына арқау еткен қатысушылар арасынан І орынды «Медбикелік іс» бөлімінің ІІІ курс студенті Шайхиев Шындықхан, ІІ орынды аталған бөлімнен І курс студенті Салық Қарлығаш жеңіп алса, ІІІ орынды «Гигиена және эпидемиология» бөлімінің ІІ курс студенті Губашева Шынар және «Емдеу ісі» бөлімінің ІІІ курс студенті Мәжік Айкүміс өзара бөлісті.

 

29.04.2020 күні Жамбыл Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту технологиясымен медициналық колледждердің оқу процесінің ұйымдастырылуы» тақырыбымен республикалық семинар онлайн түрде MiraPolis.virtual.room платформасында өткізілді. Семинарға республикадағы 56 медициналық колледж қатысты.

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі  @zap.kaz.medcolledj оқытушылары әрқашан өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында жұмыстануда..

 

Колледж ұжымы қашықтан оқыту режиміне қарамастан жоспарға сай педагогикалық кеңесті  онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы өткізді. Күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, қашықтан оқыту кезіндегі білім сапасы, білім алушылармен жүргізілген еріктілердің жұмысы, клиникалық және дипломалды тәжірибелердің өткізілу деңгейі сарапқа салынды.

Басқа мақалалар