Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы Басты

 

 

 

Кіру

Жаңалықтар

«TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ-100 студенті» жобасына колледжіміздің «Медбикелік іс-31» тобының студенті Брызгина Наталья (кураторы Сагатова Гулсулу Жасуланқызы мен колледж психологы Мухтарова Айдана Сайлаубековна жетекшілігімен) белсене қатысып, нәтижесінде сертификатпен марапатталды.

27.11.2020 жылы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шежіресі» атты колледжішілік 10 күндік шараның аясында «Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл» атты шараға «Емдеу ісі» бөлімінің ұлдарымен жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, бала тәрбиесінде әкенің алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, әкеге деген бала махаббатын ояту негізінде жүрек-жарды сырларын ашық хат арқылы жариялау мақсатында кәсіби шет тілі пәнінің оқытушысы Г.С.Габдуллинаның ұйымдастыруымен байқау өтті.

2020 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» 21 тобының білім алушыларымен топ кураторы Г.С.Габдуллинаның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты елімізде кеңінен орын алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге әр адамның ат салысу қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.

2020жылдың 26-шы қараша күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Тәуелсіздік шежіресі» колледжішілік онкүндік ашық шаралар аясында «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында бейнеролик сайысы оздырылды. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, білімалушылардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған онлайн бейнеролик сайысы 1 курс білім алушыларының бойындағы өнерін, еліне, жеріне деген сезімін дамытатын шара болды.

«Гигиена және эпидемиология» мамандығы 31 тобы білім алушылары (топ жетекшісі А.Е.Сейткалиева) ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклында «Болашаққа бастар жол» тақырыбына тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

25.11.2020 ж. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш Президент - Елбасының Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы рөлі» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Басқа мақалалар