«Қазақстандағы мейіргерлік қызметті дамытуда сервис – дизайн қолдану» шеберлік сыныбының аналитикалық талдауы
02.11.2022 ж. БҚЖМК арнайы пән оқытушыларына«Астана медициналық университеті» базасында өткен AccelEd жобасы шеңберінде «Қазақстанда мейіргерлік қызметті дамытуда сервис-дизайн қолдану» атты шеберлік сыныбына қатысқан колледжіміздің арнайы пән оқытушысы магистр Ермекова Аселим Булекбайевна өзінің тәжірбиесімен бөлісті. Шеберлік сыныпқа арнайы пән оқытушылары, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавы» бөлімінде сабақ беретін магистр оқытушылар қатысты.
Мейірбике ісі-денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда орта буын медицина қызметкерлерінің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен аурудың алдын алуда жүргізетін жұмыстарының қаншалықты жауапты да күрделі екені баршаға белгілі.Бұл мамандық иесі емделушіге толық күтім жасау үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттеріндамытқан, заман талабыңа сәйкес қызмет көрсету болып табылады.
Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру аясында қазіргі заманғы практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетін жаңа форматтағы мейірбике ісінің маманын құру, яғни жоғары білімді бакалавр мамандарын даярлау.Мейіргер ісі мамандығын жоғары дәрежеге көтеру жолға қойылып келеді.
Шеберлік сынып, яғни AccelEd жобасында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік ғылым мен зертттеулерді реформалау,денсаулық сақтаудағы басқару, менеджмент және науқастарға оңтайлы қызмет көрсету тұрғысынан жаңашылдықтарды қарастыруға бағытталған.