Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы ТОО "Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж" - Лидеры колледжа

 

 

 
Поиск

Авторизация

 

 

   Студенттік кеңес бекітілген студенттік өзін-өзі басқару ережесіне сәйкес әрекет етеді және оған кеңес төрайымы жетекшілік жасайды. Студенттік кеңес қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: Студенттер кеңесінің төрайымы – студенттердің өзін-өзі басқару кеңесінің жұмысын жетілдіру бағытында студент – көшбасшыларды  біріктіреді. Қалалық қоғамдық жастар ұйымдарымен сыртқы байланысты қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, нормативтік-құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды түсіндіру және талқылау бойынша студенттер кеңесінің жұмысын ұйымдастырады. Әр бағыт бойынша жауапты секторлармен шараларға жетекшілік жасайды.

 

Жұмабекова Бақыт -Студенттер кеңесінің төрайымы Емдеу ісі бөлімінің 3курс студенті

Шығармашылық – ізденіс сектор студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, колледждің барлық үйірмелерімен тығыз байланыста болады, студенттердің қалалық және облыстық ғылыми конференцияларына, конкурстарға қатысуына ықпал етеді; колледжде өткізілетін ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға және т. б. белсенді қатысады

 Тулеугалиева Дильназ– Шығармашылық –ізденіс секторы, Мейіргер ісі бөлімінің 2курс студенті


Мәдени - көпшілікшаралар секторы - колледжде бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастырумен айналысады, сонымен қатар қалалық және облыстық шығармашылық конкурстарға қатысады, мұражайлар мен көрмелерге экскурсиялар ұйымдастыру, театр мен киноға бару, қаланың түрлі бұқаралық іс-шараларына (КВН, конкурстар) қатысу бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

Шапиева Гүлсезім – мәдени-көпшілік шаралар секторы, координатор - Лабораториялық диагностика бөлімінің 2курс студенті


Салауатты өмір салтын насихаттау секторы - салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, студенттердің зиянды әдеттерге теріс көзқарасын қалыптастыруға қатысады.Дене тәрбиесі оқытушыларымен өзара іс-әрекет жүргізеді.

 

Сансызбаев Рауан– Салауатты өмір салтын насихаттау секторыГигиена және эпидимиология бөлімінің 2курс студенті

Кәсіптікбағдар беру секторы қайырымдылық акцияларын, еріктіліктілік қозғалыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады, бірінші курс студенттеріне бейімделуге көмеккөрсетеді, колледждің еңбек ардагерлерімен және практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері мен кездесулер ұйымдастырады, колледждің имиджін құру және нығайту бойынша жұмыс істейді.

Унгарбеков Қырымбек - кәсіптік бағдар беру секторы – «Емдеу ісі» бөлімінің 3 курс студенті.

Ақпараттық сектор колледжде, бөлімде, студенттік топтарда өткізілетін барлық бағдарламаларды, іс-шаралар мен мерекелерді ақпараттандырумен және жариялаумен айналысады, ақпараттық стендті пайдалана отырып, колледж студенттеріне мерзімді баспасөздегі қызықты және пайдалы жарияланымдар туралы ақпарат береді.

Тажгулова Камилла –Ақпараттық сектор - Мейіргер ісі бөлімінің 2 курс студенті

Дебат қозғалыс секторы   Оразаева Наргиз, Емдеу ісі бөлімінің 2 курс студенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

Еще статьи