Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы ТОО "Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж" - Мы многонациональные

 

 

 

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

Оқытушылар қажет: Акушер-гинеколог, Клиникалық зертханалық диагностика дәрігер. Требуется преподавателей: Акушер-гинеколог, Врач клинической лабораторной диагностики. Отдел кадр: 87112243134; Резюме на адрес: zkmk@med.mail.kz
Поиск

Авторизация

Біз – көп  ұлттымыз!

             Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда. 2020-2021 оқу жылында 11 ұлт өкілдерінен  құралған студенттер және 5 шет елдік (ТМД) студент колледжде білім алады. Шет ел студенттері мен өзге ұлт өкілдері колледждегі оқу-тәрбие үрдісіне, іс-шараларға белсене араласады.

         Студенттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, Қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, сонымен қатар,  Қазақстан халқының азаматтық және рухани – мәдени тұтастығын  нығайту мақсатында тәрбие жұмысы бөлімі,  Жастар ісі комитеті және барлық үйірме-секциялар белсене жұмыстанады.

Барлық ұйымдастырылған іс-шараларды өткізуде студент-жастар  арасында достық қарым - қатынасты, бірлік пен ынтымақтастықты, толеранттылықты насихаттау мақсат етіледі. Олар барлық клубтар мен жастар ұйымдарына мүше.

        «Тіл –достықтың кепілі», «Абай –дара, Абай-дана» т.б  өзге ұлт студенттері белсене қатыстырылған шаралар, фестивальдер дәстүрлі түрде өтіп отырады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=769302253645702&id=100016978039085&sfnsn=mo   

FaLang translation system by Faboba

Еще статьи