Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті міндеттерінің бірі болып студенттерді патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Еңбек ардагерлерін ұлықтау арқылы Қазақстан патриоттарын тәрбиелеу колледжде тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі.
Жас буын мен аға буынның тұрақты байланысы, сабақтастығы - Батыс Қазақстан жоғары медициналық коллдеджінде дәстүрлі түрде жүзеге асады.
Қазіргі уақытта біздің колледжде зейнеткерлік жастағы еңбек ардагерлері мен қызметкерлері колледж студенттерінің үнемі құрметті назарында. Жыл сайын атаулы мерейтой күніне жеткен ардагерлерді құттықтап, кездесулер ұйымдастырылады.
Біздің құрметті ардагерлеріміз колледждің көптеген іс-шараларының: Қариялар мерекесінің, Наурыз мейрамының, 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесінің қадірлі қонақтары болып табылады.Олар кураторлар мен студенттер ұйымдастыратын кездесулерге қуана қатысады.
Жыл сайын Қарттар күні қарсаңында әр топта ір түрлі мерекелік іс-шаралар: ардагерлердің студенттермен кездесуі, концерттік бағдарламалар өтеді. Студенттер кураторларымен құрметті демалыстағы ардагерлерге барады. Барлық іс-шаралардың мақсаты-аға буынға құрмет көрсету, олардың еңбектері үшін алғыс айту және игі тілектерін білдіру.
Бүгінгі бейбіт күн үшін соғыс ардагерлеріне қарыздармыз! Ерліктері өнеге! Ұлықтау бізге парыз!
Колледждін ардагер ұстазы Митрохина Алевтина Тимофеевнага арналады.