Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы ТОО "Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж" - Учебно-клинический центр

 

 

 
Поиск

Авторизация

Календарный план дополнительного образования по медицинским и фармацевтическим специальностям ЗКВМК на 2022 год.

 

Годовой календарный план на 2022 год по 010 программе

Годовой календарный план на 2022 год по 036 программе

Годовой календарный план на 2022 год (хозрасчетные циклы)

 

 

Правила дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование

 

Анализ деятельности отделения профессиональной подготовки Западно-Казахстанского Высшего медицинского колледжа за 2018 год в сравнении с 2017 годом (скачать)

 

       

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларының басты мақсаты - халықаралық медициналық көмек көрсету жүйесіне көшу және кәсіптік стандартқа негізделген денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту (ҮКД) болып табылады. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және дамыту жағдайында ҮКД негізделген медицина қызметкерлерінің білімін сапалы жетілдіруде біліктілік арттыру курстары негізгі тәсіл болып есептеледі. Осындай білім беру орындарының бірі - МКҚК «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің» орта буын медицина (фармацевтік) қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөліміБатыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 18.07.2017ж №151 бұйрығымен оқу-клиникалық орталығы (ОКО) болып қайта құрылды. Орталықтың ерекшелігі–тек қана орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жоғары медицина қызметкерлері үшін біліктілік арттыру курстарын, семинар-тренингтар, шеберлік класстар жүргізеді. Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының  2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылып, өз жұмысын 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастады. Оқу-клиникалық орталық Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің қосымша білім беру, симуляциялық білім беру, медициналық және білім беру қызметінің сапасын бақылау және маркетингілеу бөлімдерінен құралған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оқу орталығының негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қосымша білім беру   туралы мемлекеттік стандартымен бекітілген Қазақстан Республикасының Заңнамалық   актілеріне, Денсаулық сақтау, Ғылым және білім министрліктерінің нормативтік – құқықтық   актілеріне сәйкес кәсіби  біліктілікті меңгертуге және жетілдіруге бағытталған білім беру   бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Орталықтың негізгі қызметтері:

 ·        Орта медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

 ·        Қазақстан Республикасы  медициналық жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасай отырып, Орталық базасында жоғары білімді медициналық және фармацевтикалық мамандарға білім жетілдіру курстарын, шеберлік кластар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыра отырып, Денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби деңгейлерін арттыру;

 ·        Денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттілігін ескере отырып, медицина мамандарына симуляциялық құрылғыларды қолданып жедел медициналық көмек көрсету, пациентке күтім жасау, емдік шараларды жүзеге асыру, диагностикалау сияқты білімдерді меңгерту үшін симуляциялық білім беруді жоспарлау және ұйымдастыру;

 ·        Жетекші медициналық жоғары оқу орындарымен және  ҰЗИ өзара әрекеттесе отырып, облыс бойынша медицина кадрларының қосымша білім алуын ұйымдастыру, соның ішінде қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып;

 ·        Медицина қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігін және қосымша білім берудің тиімділігін бақылау (мониторингілеу).

Орталықтың негізгі міндеттері:

·        Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпке сәйкес   Денсаулық сақтау саласы ұйымдарының орта арнайы және жоғары білімді медициналық және фармацевтикалық мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

·        білім беру үрдісіндегі әдістер мен технологияларды қолдану және жетілдіру;

·        оқу жұмыс бағдарламаларын, жылдық күнтізбелік жоспарлар мен оқу үрдісі кестесін жасақтау және бекіту;

·        тыңдаушыларды жасақтау;

·        мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу әдістемелік құралдар жасақтау;
·       
мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде отандық және шет елдік серіктестермен ынтымақтастық орнату.

Жоғарыда аталған міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру мақсатында МКҚК «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» және  «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ денсаулық сақтау, дипломнан кейінгі медициналық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық Меморандумы жасасты. Меморандумның мағынасы өзара ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары негізінде Тараптар қарым-қатынастарын кеңейту және тереңдету болып табылады:Тараптардың мүдделеріне сәйкес ұйымдардың қызметіне ең тиімді әзірлемелерді жүзеге асыру үшін көмек көрсету, мүдделі тараптарды тарта отырып бірлескен біліктілік арттыру циклдарын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, курстар, семинарлар, шеберлік-класстар, тренингтер өткізу; білім беру бағдарламаларын үйлестіру; денсаулық сақтау, медициналық білім беру және ғылым салаларында тікелей байланыстарды ұйымдастыру және қалыптастыру, денсаулық сақтау мамандарының дипломнан кейінгі даярлау саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, KaзМҮББУ, БҚЖМК жанындағы ОКО және облыстың медициналық ұйымдарының кадрлары мен материалды- техникалық ресурстарын бірлесе пайдалана отырып Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Қазіргі таңда ОКО тренажерлермен, муляждармен, манекендермен, жоғары технологиялы көпқызметті робот-симуляторлармен жабдықталған және онда жоғары білікті мамандар жұмыс істеуде. Оқу аудиториялары, дебрифинг аудиториясы,дәрістік залдардан басқа ОКО компьютерлік тестілеу кабинетімен жабдықталған.

ОКО басты мақсаты – Батыс Қазақстан облысы медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру арқылы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту. Орталықта оқыту курсанттардың білімін және тәжірибелік дағдыларын сараптамалық бағалаудан басталады. Алынған нәтижелерді талдау проблемалық мәселелердің болуы туралы қорытынды жасауға және әр топ үшін тиімді оқу бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Орталықта өткізілетін сабақтар дәстүрлі оқыту әдістеріне сәйкес және заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізіледі, атап айтқанда, симуляциялық оқыту технологиясын, SWL технологиясының элементтері - кейс негізінде оқыту, TBL - командалық оқыту, рөлдік ойындар, психологиялық тренингтер.Оқу аяқталғаннан кейін курсанттардың білімін және тәжірибелік дағдыларын сараптау жүргізіледі, бұл оқу нәтижесін қорытындылауға мүмкіндік береді, сабақты меңгерудің тиімділігін бағалайды, мамандарды сертификаттауға мүмкіндік береді.

        

 

FaLang translation system by Faboba

Еще статьи